n
nКаучуктерді вулкандау – иілімді каучуктерді немесе “ішкі” резина қоспасын созылымды резинаға – кең температура аралығында негізінен жоғары созылымды қасиеттерге және тиісті эксплуатациялық сипаттамаларға ие материалға түрлендірудің технологиялық процесі. Каучукті вулкандағанда ол еруі мен термоиілімділігін жоғалтады, жоғары созылмалдылық, беріктік деген сияқты жаңа қасиеттерге ие болады.
nБұйымға оптималды мәндерге жеткен вулкандау уақыты вулкандау оптимумы деп аталады. Қазіргі таңда вулкандау үшін күкірт, пероксидтер, диизоцианаттар, металл оксидтері және  т.б. қолданылады. Оны 410 – 460К дейін қыздырып каучуккке қажетті ингредиенттер мен күкіртті қосып жүргізеді.